Текст
Біздің мектеп жанындағы "Арай"алаңының бірінші маусымы аяқталды. Соңғы күннің тақырыбы "Спорт күні". Бұл күні балалар спорт туралы жұмбақтар шешті,бізбен бірге Ұлы спортшылардың аттарын еске алды. Қазақстандық көпсайысшылардың еңбегі туралы айтып, біздің еліміздің даңқтаған боксшылардың, мәнерлеп сырғанаушылардың аттарын білді. Әдеттегідей, күн соңында балалардан кері байланыс алдық - шығармашылық жұмыстар өткізді. Белсенді қатысқаны үшін Усольцева Вероникаға, Степной Артемға, Мазазолина Ксенияға, Кравченко Станиславқа, Сердалин Мансурға, Чеботарь Александраға, Зарубина Вероникаға, Алимбеков Дениске, Жангушкаров Дамираға алғыс білдіреміз. Балалар сендерге жаздың жылуын, тілектеріңнің орындалуын, жақсы демалуды тілейміз!