«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Birgemiz:Түлек-2020» атты соңғы қоңырау

08.06.2020

3 маусым күні мектеп ауласында «Біргеміз : Түлек- 2020» атты соңғы қоңырау болды. Пандемия болғандықтан көптеген іс-шаралар алынып тасталды, бірақ санитарлық- гигиеналық ережелерді сақтай отырып, біз бұл іс-шараны өткіздік , бұл түлектердің ақырғы мәреге жеткендері әріҰБТ –ны тапсыруға да санаулы ғана қалғанынын және жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын емтиханның да алыс емес екені білдіргендей болды. Түлектерді оқу бітіруімен мектеп директоры Қ.Ж. Алимова, алғашқы мұғалімдері Т.М.Пономарева және бір түлектің атасы К.Н.Нурумжанов құттықтады. Мектеп түлектері көздеріне жас алып, өздерінің мектеп табалдырығын оқушы болып енді қайтып аттамайтынына біреуі өкініп көздеріне жас алса, енді біреуі көз жастарының қуаныш пен өкініш жасы екенін де жасыра алмады. Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасымен 17 түлек қоштасқалы отыр, оның ішінде Мартынкевич Маргарита мен Ашимова Дильназ «Алтын белгіге» , Любенко Анна үздік аттестатқа бітірді.Қалған оқушылар оқу жылын 4 пен 5- ке тамамдады. Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер өздерінің жауаптары ретінде ақырғы мектеп вальсіне ортаға шығып, ән айтты, би биледі, мұғалімдер мен ата-аналарына жылы лебіздерін білдірді. Түлектер соңғы сөздерін аспанға шар ұшырып, «Біздің мектептегі өміріміз» атты бейнероликпен аяқтады. Воронин Максим мен Мартынкевич Маргаритаға соңғы қоңырау соғуға рұқсат етілді. Мектеп ауласын соңғы рет айналып жас түлектер мектеппен қоштасты. Салтанатты жиында түлектер сыныптастары мен жолдастарының қол соғуымен мақтау грамоталырымен марапатталды. Біреуі де марапатсыз қалған жоқ, барлығы мектептегі іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін және мектептің абыройын қорғағандары үшін де аталып өтті. 2019-2020 оқу жылы аяқталды деп есептеуге болады. Алақай! Алақай! Алақай

Просмотров: 500


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст