«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілге құрмет - елге құрмет»

06.02.2017

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл

жай сөз емес,тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, қазақ тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.Щучинск қаласында П.И. Морозов атындағы №3 орта  мектебінде қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен қаңтар айында «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Апталық барысында  8 -11 сынып оқушылар арасында  "Жас қалам" өлең жазу сайысы өткізілді. Бұл конкурсқа  24 оқушы қатысты. Сайысқа тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылды.

    Әділқазылар шешімі бойынша  оқушылар жұмыстарына орын берілді.

1 орын-  Ашир Әнел, 11 сынып

2 орын – Баймуканова Құндыз, 10 сыны

3 орын – Ашимова Регина, 11 сынып

   Сайысқа белсенді қатысқан үшін ерекше марапатталған оқушылар:

11- сынып оқушысы: Джиарджиди Анастасия.

8-сынып оқушылары: Рыспек Гауһар,Оспанова Диана, Аширова Аружан

     Сайыстың жүлдегерлері  тіл апталығына арналған жабылу салтанатында  құрмет  грамотасымен  марапатталды.

Просмотров: 844


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст