«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

15.05.2017

    Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім  беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы  меңгерген білімін өмірде қолданатын  жеке тұлға тәрбиелеу.

 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы  жеке тұлға өмір шындығына, өзін-өзі тануға , ізденуге ұмтылады. Ұстаздық тәжірибемде шәкірттерім  аудандық, республикалық қашықтық  шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Калелова Сабина «Құстар біздің досымыз» - өлеңі 2 орынға ие болды,Курмангалиева Жанель «Ұлттық киім»- суреті 2 орынға ие болды, Ермек Асима «Құстар біздің досымыз»- шығарма 3 орынға ие болды.Сонымен қатар оқушыларым өз іс-әрекеттеріне  бағдарлама жасай біледі, ойларын іске асырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жетістігі «Ұстаз, оқушы, ата-ана» болып қолдау көрсетудің негізі деп ойлаймын.

Құстар біздің досымыз!

Құстар біздің досымыз,

Ұяларын саламыз,

Көмектесіп оларға,

Бар рақметін аламыз.

Құстар біздің досымыз,

Жем береміз оларға,

Көктем сайын әрдайым,

Қарсы аламыз құстарды.

Құстар біздің досымыз,

Көмектесіп осы біз,

Қайтты құстар қайтадан,

Көз алмаймын аспаннан.

Құстар біздің досымыз,

Сайрап ұшып аспанда,

Ұшып жүрсе әрдайым Қуанамын, шаттанам!   

2 «Ә» сынып оқушысы

Калелова Сабина Ержанқызы

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст