Қазақ тілі апталығына байланысты көп іс-шаралар өтілуде. Соның бірі «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш», 5-6 сынып оқушылары арасында өтті.
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында – ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
«Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Мағжанды сүйетін, еуропалығын, арқырағанәшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын -
сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан - ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді!
Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына, сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен
адамзаттың жай - күйіне тәуелді. Осы сезімді жеткізетін «Сүйемін» өлеңін нақышына келтіріп 6 «б» сынып оқушысы Шайнурова Регина оқып берді.
Мағжанның адам жан дүниесіне қатысты жазбаған өлеңі жоқ. Әр тақырып ауқымды мақсат пен мағына талап етеді. Сол ойларды келесі оқушылар мәнерлеп оқып берді:Ткачева Карина «Түркістан» өлеңі, Акматова Сезімгүл «Мен жастарға сенемін» өлеңі,Сагателян Мариям «Қазақ тілі» өлеңі, Шабельская Екатерина «Толқын» өлеңі,Борцов Артем «Мен кім?», Карипуллова Гульназдың «Сағындым» өлеңін оқыды.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. Бұған дәлел – "Сен сұлу" өлеңі. 9 - сынып оқушылары «Сен сұлу» өлеңін орындады. Осы ашық тәрбие сағатынан оқушылар өз бойларын ең әсем де нәзік өмір құндылықтарын сіңірді деп сенеміз.
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға.