«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі- ертеңім, болашағым» тақырыбында қазақ тілі апталығы

17.10.2017

    2017 жылдың қазан айында  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мақсатында Бурабай ауданы, П.И.Морозов атындағы №3 орта мектебінде 1 – 11 сыныптар аралығында «Қазақ тілі- ертеңім, болашағым»

тақырыбында қазақ тілі  апталығы өтті. Қазақ тілі  апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды.
Қазақ тілі апталығы халқымыздың «Шашу» дәстүрімен басталып, мектебіміздің директоры Корлан Алимова құттықтау сөзімен ашты. Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің меңгерушісі Гулмайра Рыспекова апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. Апталықтың  өтілу барысында қазақ тілі мен әдебиетпәнінен ашық сабақтар өткізілді, ал оқушылар арасында «Тіл құдіреті-ел құдіреті» тақырыбына арналған шығармашылық сайыс, «Қазақ халқының ұлттық ойындары» атты   спорттық жарыс, «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты  әдеби кеш, мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің арасындағы «Қазақшаңыз қалай?»атты мұғалімдер мен қызметкерлер арасында  шығармашылық байқау,«Әнұраным-жүрегім» атты патриоттық байқаулар өткізілді. Сонымен қатар оқушылар ұзақ  үзілістерде қазақ халқының ұлттық биін билеп,серігіп қалды. Мұғалімдер мен оқушылар апта бойы өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен белсене қатысты. Апталықтың жабылу салтанатында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаз сыныптар мен оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер  мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елемізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», — деп Елбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тіл – халқымыздың қазынасы, шежіресі. Туған тіліміздің мәртебесін көтеріп,  көздің қарашығындай сақтайық!

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст