Бақытты балалық шақ.
28қазанда №9 мектеп-гимназиясындааудандық өнерлі өрендердің талантын шыңдау, шығармашыл жас буынды елге таныстыру мақсатында мектепалды даярлық сыныптарының арасында «Әнші балапан» байқауы өткізілді. Сайысқа 14 талапкер қатысты. Мұнда Щучинск қаласының және Бурабай ауданының ауылдарындағы мектептерінің қазақ сыныптары бүлдіршіндері бақ сынады.Бұл байқау жас дарындардың өнер жолында қалыптасуына жол ашады. Жас әншілер классикалық, эстрада жанрларында ән шырқап, халық әндерін орындап, би билеп өнерлерін жұртқа көрсетті. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - еліміздің жас жеткіншектерінің рухани және мәдени жетістіктерін көпшілікке паш етіп, дарындыларды анықтап, оларды жан-жақты тұлға мәртебесіне көтеру және оларды еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне тарту. Пәк көңіл, періште пейілді бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер қошеметіне
бөленді.«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй»,- деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай жақсы ән мен күйдің сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл күйін сергітеді. Мектептерде жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу, сонымен қатар балалардың музыкаға бейімділігін қалыптастыру мақсатында, ұйымдастырылған бұл «Әнші балапан» байқауы тартымды өтті. Байқауда кіп-кішкентай бүлдіршіндеріміздің қоңыр
дауыспен айтқан әндері мен билері баршамызды тебірентпей қоймады. Байқау соңында «Талаптарың таудай, қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер»-деген ақ тілектерін айтып қазылар алқасы жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларды құттықтап, сыйлықтар таратты. П. И. Морозов атындағы №3 орта мектептің 0 «Ә» сынып оқушысы Исенова Аяна «Ата-ананы тыңдаймыз» атты тамаша әнімен II орын алды. Мұндай байқау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ал, жас бүлдіршіндерге айтарымыз өнерлерің өрге жүзсін дейміз.
А. Т. Байшалова.