Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға міндетті» - деп еліміздің болашағы бүгінгі бүлдіршіндерге , ертеңгі жастарға үлкен мән берген. Сол сөздердің айғағындай Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен 2017 жылдың 29 -31 қазан аралығында «Тіл дарын» байқауы, яғни өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінен облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті. Байқау Көкшетау қаласындағы №3 облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернатында болды.Осы аталмыш байқауға біздің мектептің,
яғни П.И.Морозов атындағы №3 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы Полторацкая Дарья қатысты.Ол 2-4 сынып арасында өтетін «Менің шағын Отаным» секциясы бойынша «Менің кіші Отаным- Щучинск қаласы» тақырыбы бойынша жобаны қорғап шықты. Осы тақырып төңірегінде 18 оқушы өз жобаларын қорғады. Дарья осы сайыста 2 орынға ие болғаны үшін II дәрежелі Дипломмен және 90
000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Біз Дарья үшін өте қуаныштымыз. Жарайсың, Дарья! Осындай байқауларға қатысып, биік
белестерден көріне беруіңе шын жүректен тілектестік білдіремін!