Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
Қарашаның 9-жұлдызында 5-сынып оқушылардың арасында «Жұлдыз сағат» атты сайыс өтті. Сайыс сабақтың мақсаты: оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерін бекіту, толықтыру. Сайысқа он екі оқушы қатысты. Сайыс бес асудан тұрды: «Бәйге», «Мақал – мәтелдер» сайысы, «Дода», «Көкпар», «Жорға». Оқушылар түрлі тапсырмалар орындау арқылы ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін көрсете білді. Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріліп, әділ шешім қабылдады. Оқушыларды тәтті сыйлықтармен марапаттады. Сайыс соңында оқушылар «Достық үйін» жасады.