Щучинск қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшылығының хатының негізінде 2020 жылдың 28 ақпанында 9 және 10 сынып оқушылары Щучинск қаласы отрядының №6 өрт сөндіру бөліміне барды. Балалар үшін экскурсия жүргізілді, оның барысында оқушыларға өрт сөндіру техникалары, бөлімшелермен және апаттық-құтқару құралдарын көрсетті. Оқушылар өрт сөндірушілерді мұқият тыңдады. Оқушылардың бәрін машиналардың отпен қалай жұмыс істейтіндігі және олармен не жабдықталғандығы қызықтырды. Оқушылармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі, өрт туындаған кезде әрекет ету ережелері туралы әңгіме өткізілді. Оқуушылар өрт сөндірушілерге қызықты экскурсия үшін алғыс білдірді және әрдайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға уәде берді.
/public/files/2020/2/28/280220_185936_pogharnyy-1.jpg, /public/files/2020/2/28/280220_185950_pogharnyy-2.jpg, /public/files/2020/2/28/280220_190005_pogharnyy-3.jpg