Текст
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:00-де республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдар мен колледждерде шахмат ойыны басталады.
Шахмат сайысы республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Және бұл шараға мектебіміздің оқушылары да қатысты.
Шахмат сайысы балалардың жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету болып табылады.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.