«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы хабарлайды.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.
Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
- өтініш (электрондық форматта беріледі);
- баланың медициналық паспорты;
- № 063/у нысанындағы медициналық анықтама;
- 2 фото.