Текст
Көбейту кестесі-бұл кез-келген жастағы адамға қажет білім. Сонымен қатар, оқушыға арналған кестені білу — одан әрі оқуда сәттіліктің кепілі.
Көбейту кестесін оқуға және жаттауға қызығушылықты арттыру мақсатында 17 ақпанда үшінші сынып оқушылары арасында "көбейту білгірлері"байқауы өтті. Балалар көбейту кестесіндегі мысалдарды шешу бойынша жазбаша жұмыс жасады. Байқау қорытындысы бастауыш сыныптар онкүндігінің жабылуында жарияланады.