Жыл сайын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Қоғамдық талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарын іске асыруды, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін ұдайы жетілдіруді, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Ағымдағы жылдың 01 наурызы мен 30 наурызы аралығында 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралардың қорытындылары туралы есептер ауданның білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында (Қызмет), «Мемлекеттік қызметтер» «Қоғамдық талқылаулар» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.
Аудан тұрғындарына «Пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі.
Барлық облыс тұрғындарын қоғамдық талқылауларға белсене қатысуға шақырамыз.