«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз»

23.09.2019

Мемлекеттік тіл-тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым- қатынас құралы болғандықтан , ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Адам тіл арқылы бір -біріне қатынаса алады.  Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де « батпаққа батырмай , құмға шашпай, жұртында қалдырмай , шыбындыға алдырмай », барлық жиған тіл байлығын , күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егеменгдігін алып , іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде , елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады.Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап , бұғанасын бекітіп , қанатын қатайтты.  Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес , мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар.                          Осыған орай Щучинск қаласындағы П.И.Морозов атындағы № 3 орта мектепте 13 қыркүйек тіл апталығына орай қазақ сыныптарының арасында «Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз» атты сыныптан тіс іс-шара өтті. Сынып жетекшілері Байшалова Айсұлу Тұяққызы және Исенова Қамар Қайратқызы. Іс-шарада оқушыларға тіл туралы түсінік берілді. Оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, ұлттық билер биленіп, көрініс көрсетті. Бұл іс-шарадан оқушылар көп әсер алды. Мақаланың соңын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметтте» деп аяқтағым келеді.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст