«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау.

30.03.2022

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады. Мектепке алты жастан асқан балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балалар қабылданады. ▪️Айта кететін жайт, 1 қыркүйекте 6 жасқа толған барлық балалар қабылданады. Ал 6 жасқа толмаған балалар (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кейін 6 жасқа толатындар) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша ғана қабылданады.
▪️Құжаттар мектепке электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
▪️Қабылдау ережесіне сәйкес, мектептің аумақтық қызметіне (тіркеу орны бойынша) өтініш берген үш талапкер алдымен 1-сыныпқа қабылданады, одан кейін басқа аумақтан бір талапкер қабылданады.
▪️Білім беру ұйымының ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 564 бұйрығы).
▪️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік, баланың медициналық паспорты және No 063/у нысанындағы медициналық анықтама, 2 фотосуретті тапсырады.
▪️Лицей мен гимназиядан басқа барлық мектептер балаларды емтихансыз қабылдайды. 

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст