Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
П.И. Морозов атындағы №3 орта мектепте 1 «Ә» сынып оқушыларының арасында «Қазақтың ұлттық аспабы домбыра» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Дюсенбек Милананың атасы – Куржибаев Дюсенбек Буркутович . Оқушыларға ұлттық аспап туралы түсінік берілді. Балалар әр түрлі сұрақтарға жауап алды. Барлығы қосылып қазақ халқының әндерін шырқады. Сынып топқа бөлініп, жұмыстар жасады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындап, жұмыстарын қорғады. Сынып сағаты өте мәнді және тартымды өтті. Іс-шара соңында барлығымыз атамызға алғысымызды айттық.
Байшалова А. Т.