Өзін-өзі тану пәні рухани-адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелейді. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаның ең жоғары құндылығы деп танылады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Соқрат: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын. Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды.
Осы пән арқылы оқушы келешекте бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.
П.И.Морозов атындағы
№3 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бегалина Жанар Солтанбековна