Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі адам өмірінің барлық саласына қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер қойды. Олардың қатарында ел тұрғындарымен диалогқа негізделген саяси реформалардың жаңа пакетін әзірлеу, сондай-ақ халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру бар.
Білім саласында білім беру нысандарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы ғана емес, ең алдымен білім сапасының жоғары болуы қажет. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де айқындалды. Жұмыссыздық жастардың «заңды бұзуына» әкеліп соқтырады, сондықтан Елбасы өндірістік тәжірибені ұзартып, жалақыны көтеруді тапсырды.
Тұтастай алғанда, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі еліміздің одан әрі дамуының бағытын нақтылауға мүмкіндік берді, еліміздің заманауи дамуындағы қадам болатын негізгі драйверлерді атап өтті.
География пәнінің мұғалімі Исмағамбетов Мағжан Сайлаубайұлы.