«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мұғалімдер мектебінің әдістемелік бірлестігі

15.01.2022

Жас мұғалімдер мектебі – әдістемелік бірлестіктердің бірі, оның жұмысы жас мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіне оңтайлы бейімделуіне ықпал етеді, олардың өздігінен білім алуын және кәсіби өсуін жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқы демалыста өткен ШМУ мәжілісінде 1 жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің жұмыстары сараланды. Оқу жылының басында ШМУ басшысы ОМЖ жалпы жұмыс жоспарын құрады; тәлімгерлердің жас маманмен жұмыс жоспары, әр мұғалімнің өзара бару дәптерлері бар. Жас мамандар әдістемелік жұмыстармен толық және жоғары деңгейде қамтылған. Олардың барлығы ұстаздар – тәлімгерлермен жұмыс жасайды, мектеп әкімшілігінен жеке кеңестер алады, мектеп өткізетін онкүндіктерге қатысады. Сонымен қатар, жас мамандар құжаттамамен жұмыс істеу, оқу материалын жоспарлау, сабақ жоспарын құру, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдістері, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша тұрақты кеңестер алады. /public/files/2022/1/15/150122_222004_whatsapp-image-2022-01-11-at-105302.jpeg/public/files/2022/1/15/150122_222023_whatsapp-image-2022-01-11-at-105301.jpeg

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст