21.12.2021 жылы Ақмола облысының білім басқармасында облыстық ата-аналар жиналысы өтті, оған мектебімізден директордың құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.Т.Макеева және жалпы мектептік ата-аналар комитетінің төрайымы Анисимова Юлия Вячеславовна қатысты. Кездесу онлайн режимінде өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. Облыстағы балалар арасындағы СВИ эпидемиологиялық жағдайы. 2. Вакцинация арқылы коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы. 3. Қысқы демалысты ұйымдастыру, қыс мезгілінде балалардың жарақаттануының алдын алу туралы. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды. /public/files/2021/12/31/311221_005204_whatsapp-image-2021-12-24-at-112853-2.jpeg, /public/files/2021/12/31/311221_005223_whatsapp-image-2021-12-24-at-112853-3.jpeg, /public/files/2021/12/31/311221_005250_whatsapp-image-2021-12-24-at-112853-4.jpeg, /public/files/2021/12/31/311221_005310_whatsapp-image-2021-12-24-at-112853-5.jpeg, /public/files/2021/12/31/311221_005329_whatsapp-image-2021-12-24-at-112853.jpeg