«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

СПИД - ғасыр дерті

22.11.2018

СПИД - ғасыр дерті

Диалог  мақсаты: Оқушыларға  ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, ЖИТС-тың жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шаралары туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды жаман  әдеттен аулақболуға тазалыққа,  адамгершілік-жыныстық тәрбие мен, болашақұрпақ мүддесін ойлауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

СПИД ауруының пайда болғанына 20 жылдан астам уақыт өтуде .Дүние жүзі бойынша  СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары жүргізілуде. Соның бірі 1988 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан- Дүние жүзілік СПИД- пен күресу  күні болып белгіленді. Сіздердің әрқайсыңыз жеке тұлға ретінде қоғамды , мемлекетті , адамзат әлемін құрайсыз. Сондықтан сауатты да салауатты жан ретінде СПИД-ке қарсы күресу керек. Өз ортаңызды, отбасыңызды, ұжымыңызды, ең бастысы өзіңізді СПИД-тен сақтануға ең болмаса рухани түрде тәрбиелеңіз.

Медбикеге қойылған сұрақтар:

 СПИД деген не? Бұл ауру туралы не белгілі?

СПИД-жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныс жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларды қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» деп аталады. Себебі олар адамның қорғаныш жүйесі әлсіреп ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілеті әлсіреген кезде  пайда болады.

ВИЧ деген не?

 АҚТҚ- адам қорғаныш тапшылығын қоздырғышы ол адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш жүйені зақымдайды. АҚТҚ қорғаныш жүйесінің белгілі СД 4 клеткаларын зақымдайды. СД 4 клеткаларының азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АҚТҚ жұқтырған адамда 1 немесе бірнеше оппортунистік ауру анықталып СД 4 клеткаларының мөлшері белгілі деңгейге дейін төмендесе СПИД диагнозы қойылады.

СПИД тудыратын вирус қалай жұғады?

  СПИД вирусы қанға қажетті мөлшерде түскенде жұғуы мүмкін. Құрамында ВИЧ вирусы жұғатын мөлшері бар оргонизім сұйықтықтары: қан ,шәуіт, қынап сұйықтығы, ана сүті.

Сілекей, тер, несеп құрамында  қоздырғыш жұқтыратын мөлшерде болмайды. ВИЧ тер,ауа арқылы берілмейді.

ВИЧ-ті қалай анықтауға болады?

 ВИЧ-ті  анықтаудың жалғыз әдісі- қанды лабораторияда тексеру, арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы денелер дегеніміз оргонизімде қоздырғышқа қар сы жауап ретінде пайда болатын биологтар. Оң нәтижелі анализ дегеніміз ол адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді, яғни ол адам ВИЧ-ті жұқтырған.

 «Терезе кезеңі»  деген не?

  Ағзадағы тест жүйелерімен анықтауға жеткілікті мөлшерде қарсы денелер пайда болу үшін 25 күннең- 3 айға, 6 айға

дейін уақыт керек. Осы жасырын даму кезеңін  «Терезе кезеңі» деп атайды.

СПИД-тен сақтандыратын вакцина бар ма?

  Қазіргі  кезде ВИЧ жұқпасының даму қарқынын тоқтататын дәрі- дәрмектер бар. Басқа дәрі- дәрмектермен

оппортунистік жұқпалардың алдын алуға немесе емдеуге болады. Егер вирус ерте анықталса оның алдын алу және емдеу мүмкіндігі көбірек болады. Ең көп таралған дәрі- дәрмектер азитомицин, дидексинозин. Олар вирустын таралуын тежейді. Алайда бұл дәрілер барлық елдерде жеткілікті емес.

      Аурудың белгілері қандай?

  Аурудың белгілері: лимфа түйіндерінің көбеюі; құрғақ жөтелдің болуы; қажығандық, көп терлеу, іш өту,

салмағының төмедеуі т.б

  Мектеп медбикесі

Просмотров: 1068


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст