«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiнiң, елдiң инвестициялық тартымдылығының төмендеуiне, үдемелi әлеуметтiк-экономикалық дамуының тежелуiне әкеп соқтыратыны жалпыға мәлiм. Қазақстан мемлекеттiк тәуелсiздiктiң алғашқы күндерiнен бастап, жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың әлемдiк стандарттарына сай келетiн, тиiмдi институттар мен тетiктердi құру бағытында мақсатты түрде және кезең-кезеңiмен жұмыс жасауда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсiндiрiледi.

Жоғарыда аталған заңның мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылықтарын жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайлардың туындау мүмкiндiктерiн анықтау мен зерделеу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заң бұрын қолданылған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңнан түбегейлi ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — жаңа Заңның негiзгi басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дегенiмiз не? Бұл — алдын алу (профилактикалық) шаралары жүйесiн әзiрлеу және енгiзу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды зерттеу, анықтау, шектеу және жою бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қызметi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне уәкiлеттi органнан басқа мемлекеттiк органдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жатады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамға қауiптi құбылыс ретiнде көптеген мемлекеттердiң, оның iшiнде Қазақстанның да қоғамдық өмiрiне тән, келеңсiз құбылыстың салдары болып табылады. Мемлекеттiк билiк органдарындағы сыбайлас жемқорлық қазақстандық қоғам үшiн үлкен қауiп төндiрiп отыр. Оның кеңiнен таралуы мен жүйеленуi көбiнесе жеке мүдденiң мемлекет мүддесiнен артық қойылуына әкеп соғуда. "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты" стратегиясы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп ретiнде бағалап, бұл келеңсiз құбылыспен күресте мемлекет пен қоғамның күш-жiгерiн бiрiктiруге бағыттайды.

Қызметтiк әдептiң нормалары мен ережелерiн бұзуды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан ажырату мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiк алынып тасталды. Сыбайлас жемқорлық субъектiлерiнiң жауапкершiлiгi қылмыстық және әкiмшiлiк заңнама тұрғысынан қаралады.

Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына:

- жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi;

- мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаның немесе оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы;

- заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi;

- мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы және заңсыз табыс алуы;

- мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын қабылдамауы:

- бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы жатады.

Құқық бұзушылықтың осы түрлерiн жасағаны үшiн жүзден алты жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түрiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкте айыппұлдар, мүлiктi тәркiлеумен белгiлi бiр мерзiмге құқығынан айырумен не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан белгiлi бiр мерзiмге немесе өмiр бойы айырумен бас бостандығынан айыру немесе шектеу қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық — тұрақты түрде мұқият зерделеудi, жүйелiк ұстанымды, кешендi және жедел қарсы iс-қимылды талап ететiн, қазiргi қоғамның келеңсiз құбылысы. Бұл ретте, егер оған қоғамның барлық мүшелерi қатысса ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шын мәнiнде тиiмдi болуы мүмкiн.

Жаңартылған күні: 29.01.2019 16:44
Құрылған күні: 29.01.2019 16:44

Текст