2022 жылғы қорытындысы бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес -142. мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде:
- «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы – 88
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 0;
- Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) - 10;
- қағаз нысанында – 44.
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 5 мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау-54;
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау -53;
3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау- 3 ;
4.Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру- 3 ;
5. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру - 29.
Халықты хабардарлық ету мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Одан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мектеп фойесінде көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды. (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.).
Ай сайын «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ-не 5 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі мониторинг жұмысы туралы есеп беріледі.
Жауапты тұлғалар Алимова К.Ж., Войцехович Т.М., 2020 жылы "Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас,". 2022 жылғы қаңтарда Каирбошарова Р.З., Василянская С.В., Киселева Н.В., "Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологияларды қолдану саласын жетілдіру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру. Жанжалды жағдайларды басқару және халықаралық тәжірибені қолдану" тақырыбына біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызметті алушылардың қанағаттанарлығын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары және бөліммен және білім беру ұйымдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы түсіндіріп тарату және тұтынушыларды хабардар ету жөніндегі 2022 жылға арналған Медиа-жоспар бекітілген. «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі, сапасы және қолжетерлікті апта сайын мониторингілеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді алатын тұтынушылардан мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымданушы туралы мәлімет |
Шағым мәні |
Шағымды қарайтын және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау мерзімі |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешімдер |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Директордың м.а. Т.Войцехович
Орынд.Василянская С.В
Тел.: 2-14-62